Шымкентте ХҚКО-да 785 мыңнан аса қызмет электронды нұсқада көрсетілген

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы ХҚКО-да жыл басынан бері 1 526 057 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде  785 мыңнан аса қызмет электронды нұсқада жүргізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ХҚКО баспасөз қызметінің мәліметінше, осы  жылдың ақпан айында ашылған цифрлық орталықта  өзіне -өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында фронт-офис қызметкерлері барлық келушілерге оқу-үйрету курсын өткізеді.  Қазіргі таңда электронды портал арқылы 455 электрондық қызметтерге қол жеткізуге болады.   Ал, «Connection point» (өзіне-өзі қызмет ету секторы)  арқылы 497 754 мың кеңес беріліп,  қызмет көрсетілген. Жаңадан ашылған  өзіне өзі қызмет көрсету секторларының  алаңдарында азаматтар инспекторды күтпей-ақ, өз беттерімен электрондық қызметтерді пайдаланып отыр. Осы жүйе арқылы олар қозғалмайтын мүліктерінің бар-жоқтығы туралы және мекенжай жөніндегі,  зейнетақылардың аударымы туралы анықтамаларды алуда.null  

Орталық мамандарының сөзінше,  электронды үкімет порталы арқылы көптеген мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі сапалы алуға мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл электронды үкімет порталының бірден бір жетістігі саналады. Қызметті пайдаланушылар ХҚКО жүгінбей-ақ  өз беттерімен нәрестені балабақша кезегіне қойып, ата-тегі мен есімін өзгеруге өтініш бере алады. Жеке кәсіпкерлігін тіркей береді. Сонымен қатар мемлекеттік баж, салығы, жол қозғалысын бұзғандығы үшін айыппұлды, коммуналдық қызмет ақысын төлеуіне жағдай жасалған.

 Орталықта сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Paper free» қызметі іске қосылған. Электрондық үкімет порталында «Анықтамасыз қызмет» жеп аталатын қызметтің бұл түрі  SMS-хабарлама арқылы үшінші тұлғаларға ақпараттық анықтамалар ұсынуға мүмкіндік береді. Ол үшін тұрғындар алдымен мобильді азаматтар базасына тіркелуі қажет. Яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталының Жеке кабинетінде тіркеп, өзінің гаджетінде іске қосу жүзеге асыруға болады. 

Соңғы жаңалықтар