Шымкентте халықаралық «Shymkent ATP Challenger» теннис турнирі басталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте халықаралық «Shymkent ATP Challenger» теннис турнирі басталды. Қазақстан теннис федерациясы мен Халықаралық теннис федерациясы бірлесе ұйымдастырған жарысқа қатысу үшін 25-тен астам елден 100-ге жуық кәсіпқой ойыншы тапсырыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүлде қоры 50 мың АҚШ долларынан асатын жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай сөз сөйледі. Бұдан соң теннис федерациясының вице-президенті, ұлттық құрама капитаны Диас Досқараев спортшыларға сәттілік тіледі.

Халықаралық дода алдында, 9 маусымда Шымкенттегі Ұлттық теннис орталығында Қазақстанның ұлттық құрамасына кіретін отандық теннис жұлдыздарының қатысуымен балаларға арналған шеберлік сабағы өткізілді. Андрей Голубев, Александр Недовесов, Достанбек Ташбулатов, Тимур Хабибулин, Денис Евсеев, Григорий Ломакин сияқты атақты спортшылар балалармен бірге жаттықты.

Мұндай ауқымды шаралар теннис спортының Шымкентте қарқынды түрде, әлемдік деңгейде дамып келе жатқанын көрсетеді.

null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар