Шымкентте грек-рим күресінен Азия чемпиондарына 1 млн теңгеден берілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте грек-рим күресінен Азия чемпиондары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы мен қалалық күрес федерациясының президенті грек-рим күресінен Азия чемпиондары Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін) мен Әлімхан Сыздықовты (130 келіге дейін) марапаттады.

Спортшыларға 1 млн теңгенің сертификаттары табыс етілді. Палуандардың жаттықтырушылары 300 мың теңге көлемінде сыйақы алды.

Күрес түрлерінен Азия чемпионаты Ұланбатыр қаласында (Моңғолия) өтті. Бұған дейін хабарланғандай, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы медальдық есепте бірінші орынды иеленді. Отандық «классиктер» еншісінде екі алтын, бес күміс және екі қола медаль бар.


Соңғы жаңалықтар