Шымкентте гандболдан ел чемпионаты өтуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте ерлер мен әйелдер арасында қол добынан ел чемпионаты өтуде. Жоғары спорт шеберлігі мектебі кешенінде өтіп жатқан сайысқа еліміздің суперлиганың 10 құрама командасы қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байрақты бәсекеде әйелдер арасында ең мықты деген 6, ерлер арасында 4 команда жүлделі орынға таласуда. Оның ішінде оңтүстіктіктің «Қазығұрт» командасы суперлиганың ең жас командасы саналады. Соған қарамастан шымкенттік қыздар  «Алтай» командасымен кездесіп, 22-17 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, кезінде олимпиада ойындарына қатысып, ел намысын қорғаған «Қазығұрт» командасы осы сында 5-ші кезеңге өтетін болса, ел чемпионатының үш дүркін чемпионы атанады. 

Гандболдан  ел чемпионаты наурыздың 15-іне өз мәресіне жетеді деп жоспарланған. Бұл жарыстан кейін қол доптан шеберлері  жоғарғы лига командалары арасында өзара үздіктерді анықтайтын болады.

Соңғы жаңалықтар