Шымкентте этнос өкілдері жаңарған әліпбимен диктант жазды

None
None
ШЫМКЕНТ.ҚазАқпарат - Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы этнос жастары арасында латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінде ашық диктант өткізді.

Ассамблеясының бірыңғай күні және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға қаладағы этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының, оқу орындарындағы «Достық» клубтарының мүшелері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Диктант жазу барысында жастардың жаңарған әліпбиді қаншалықты меңгергені байқалды. Өйткені қатысушылар бұл шараға алдын ала дайындалған болатын.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағарту жобасы аясында этнос жастарына қазақ тілін үйрету шаралары тұрақты ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі ашық диктант жастарды латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануды үйрету мақсатында өтіп отыр. Диктант тақырыбы «2019 – Жастар жылына» арналды. Нәтижесінде қатысушылардың басым бөлігі латын графикасын жетік меңгергендігін байқатты. Аталған акцияны бұдан кейін де жалғастыру жоспарда бар«, - дейді Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» КММ-ның бөлім басшысы Мәди Бесбаев.




Соңғы жаңалықтар