+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Шымкентте ерікті түрде әскери қызметке келушілердің қатары артуда

2020 жылғы 9 сәуір 07:32
Бөлісіңіз:
Шымкентте ерікті түрде әскери қызметке келушілердің қатары артуда

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте ерікті түрде әскери қызметке келушілердің қатары артуда. Бұл туралы қалалық қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Ринат Мадияров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент бастығы орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда қалада барлық әскери құрылым төтенше жағдаймен күресуге жұмылдырылған. Десе де әскери қызметке 100 азаматты қабылдау жоспарланған. Бұл азаматтар залалсыздандыру жұмыстары мен блокпосттарда патруль қызметін атқаратын болады.

«Қызметке тартылатын жастардың саны 100-ге жуықтайды. Қазіргі таңда оларды анықтап жатырмыз. 35 жасқа дейінгі белсенді азаматтарды тіркеуге аламыз. Дегенмен әскери қызмет еткісі келетіндердің қатары толастамай отыр», - дейді Ринат Мадияров.

Әскери талап бойынша еріктілердің денсаулығын әскери медициналық комиссия тексереді. Олар төтенше жағдай уақыты біткенше әскер қатарында болады деп жоспарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әскер, Шымкент, Карантин,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT