Шымкентте ерікті сақшылар жасағы құрылды
2022 жылғы 8 қаңтар 11:34

Шымкентте ерікті сақшылар жасағы құрылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Мегаполисте тұрғындар, белсенділер, танымал спортшылар мен спорт мектептерінің ұстаздары, дін өкілдері және өзге де сала мамандарынан құралған «Халық сақшылары» деп аталатын жасақ құрылды – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

500-ге жуық ерікті азамат қаладағы қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып жатыр. Олар тәртіп сақшыларына қолдау көрсетіп, мемлекеттік маңызы бар нысандарды, кәсіпорындарды күзетуге көмектесуде. Азаматтар елді лаңкестерден қорғау үшін тұрғындарды бірлікке үндеп, күш біріктіруге шақырды. «Еліміздің тұтастығына қарсы бағытталған бұзақылық әрекеттерді айыптай келе, қала тұрғындарының өмірі мен мүлкіне қауіп-зиян тигізетін, қоғамдық тәртіпті бұзатын лаңкестікті айыптай отырып, ерікті түрде, қоғамдық тәртіпті сақтауға белсене қатысуға дайынбыз»,-деді, қала әкімдігіне келген бастамашылар. Еріктілер топтарға бөлініп, түнгі уақытта кезекшілікте тұруға кірісіп кетті.

Сондай-ақ, олар елімізде жүргізіліп жатқан анти-террорлық операцияларды қолдайтындарын жеткізді.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT