Jańalyqtar
Шымкентте ер адам үшінші қабаттан құлап кетті
2020 жылғы 6 желтоқсан 00:44
Бөлісіңіз:

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте ер адам үшінші қабаттан дүкеннің шатырына құлап кеткен. Құтқарушылар көпқабатты үймен іргелес орналасқан дүкеннің шатырына шығып, зембілдің көмегімен зардап шегушіні жерге түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 шағын аудандағы Шаяхметов көшесінде болған. Тұрғындар дүкеннің шатырына құлаған адамды көріп, көмекке құтқарушыларды шақырған.
«Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1988 жылы туған ер адамның абайсызда үшінші қабаттан құлап кеткенін анықтаған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді» делінген хабарламада.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Өскеменде жоғалып кеткен жасөспірім табылды
- Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған
- Батыс Қазақстанда жол оқиғасынан бір адам қаза тапты
- Алматыда автобус қаққан әйел оқиға орнында мерт болды
-
ШҚО-да иіс тиген ана мен бала көз жұмды
-
Оралда бес қабатты үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER