Шымкентте энергетикалық сусындар шығаратын зауыт ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласында энергетикалық сусындар мен шырындар шығаратын жаңа өндіріс ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қала әкімдігінен мәлім еткендей, «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан зауыттың өзіндік құны 1 млрд теңге. «Болашақ-7» ЖШС өнімнің он төрт түрі бойынша 35 млн дана сусын мен шырын шығаруды жоспарлап отыр.
Жаңа нысанның ашылуына қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов серіктестіктің жұмысымен танысып, жұмысшылармен тілдесті. Алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау тапқан кәсіпорын заманауи қондырғылармен жабдықталған. Шикізатқа өңіріміздің өнімдері қолданылады. Айта кетейік, жаңа кәсіпорында 150 жұмыс орны ашылып отыр.
«Зауыт өнімдері Шымкент қаласымен қатар Қазақстанның басқа өңірлеріне, сондай-ақ көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан елдеріне экспортталатын болады. Бұл ретте халықаралық дәліз жолы, басқа да тасымал құралдары кеңінен пайдаланылмақ», - делінген ақпаратта.
- Алматыда жол талғамайтын көлік «Сергек» камераларын алдамақ болған
- СҚО трассасында 4 автокөлік соқтығысты
- Ақпан айында Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы вакцина егу басталады
- Қостанай облысында КВИ сынамасын өңдейтін мобильді зертхана ашылды
-
Қызылорда облысында тұрғын үй өртеніп кетті
-
Қызылорда облысында 4-сынып оқушысы көз жұмды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам