Шымкентте емшіге барып көз жұмған жасөспірім өліміне қатысты іс тергеліп жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте тәртіп сақшылары 13 жастағы жасөспірім өлімінің себебін анықтауға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 12 тамызда 13 жастағы жасөспірім өлімінің себебін анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларын жүргізуде. Аталған жайт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды», делінген департамент таратқан хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі «абайсызда қазаға ұшырату» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін БАҚ-та Шымкентте емшіге барған 13 жастағы бала көз жұмды деп хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар