Шымкентте елімізде баламасы жоқ бокс орталығы салынып жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте бірегей спорт кешені - Бокс орталығы ашылады. N5 бокс спорт мектебінің жанынан салынып жатқан нысанды шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Бүгінгі таңда жаңа ғимараттың құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Спорт мектебінің 2 қабатты әкімшілік ғимараты мен 210 орынды жаңа спорт залы пайда болды.
null

null

null

«Бұл - бірегей жоба. Мұндай орталық Қазақстанның басқа еш жерінде жоқ. Иә, залдар бар, жарысқа арналған орындар бар, дегенмен, алғаш болып біздің қаламызда тұтас кешен соғылып отыр. Енді біздің мектебімізде халықаралық оқу жиындарын да өткізуге болады. Барлық жағдай жасалған», - деді қалалық N5 бокс спорты мектебінің директоры Заңғар Қасқаев.
null

null

Енді құрылысшылар өзге аймақтардан келетін спортшылар үшін жатақхана салу үстінде. Сондай-ақ бокс мектебінің ескі ғимараты да жөнделуде, мектептің жарықтандырылуы да өз дәрежесінде болмақ.
null

Айта кетейік, Қазақстан бокс федерациясының атқару бюросы 2017 жылы туған ерлер арасындағы ел чемпионатын өткізуге өтініштерді қарай келе, бұл құқықты бірауыздан Шымкентке беріп отыр. Чемпионат 6-12 қараша аралығында Шымкент қаласында өтеді деп хабарлайды ҚБФ сайты. Бұған дейін бұл жарысты дәстүрлі түрде жеңіл атлетика манежінде өткізу жоспарланған еді. Дегенмен, бокс орталығы қонақтарды кәсіби деңгейде қабылдауға дайын болғандықтан, ел чемпионаты бокс мектебінің жаңа ғимаратында өтуі мүмкін. ОҚО бокс федерациясының өкілдері орталықтың мүмкіндіктерін бағалап үлгерді.

null

null

Соңғы жаңалықтар