Шымкентте электр желілерінің қысқа тұйықталуынан өрт шығып, үй мен көлік жанып кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қалалық ТЖД мамандары тұрғын үй мен көлікке зақым келтірген өрт оқиғасының себебін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 30 шілде күні болған. Сағат 15:36 шамасында Абай ауданы Темірлан көшесі бойында орналасқан үйден өрт шыққан. Жалпы көлемі 80 шаршы метр үй шатыры толығымен жанып кеткен. Сондай-ақ, үй ішіндегі заттар, төбе жаппасы мен жапсарлана соғылған бастырманың шатыры толығымен өртке орынған. Сонда тұрған «Mercedes-Benz» маркалы женіл автокөліктің алдыңғы бөлігі және автокөлік тіркемесі жарамсыз күйге түскен. Сонымен қатар, көршілес тұрғын үйдің шатырына да зақым келген.

«Өрт кезінде 1976 жылы туған екі ер азамат зардап шекті. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, ауруханаға жатудан бас тартты. Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 15 қызметкері мен 3 дана техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды. Өрт уақытша электр желілердің қысқа тұйықталуынан болған», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Айта кетсек, Шымкентте жыл басынан бері 53 тұрғын үйде өрт тіркелген, оның 35-і электр желілерінің қысқа тұйықталуынан болды.



Кадр из видео




Соңғы жаңалықтар