Шымкентте электр қуатының бағасы қымбаттамайды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 1 қаңтарынан электр қуатының тарифы көтерілмейді. Бұл туралы «Энергопоток» ЖШС мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Тәулігіне тұтыну көлемі мен аумағына қарай жеке және заңды тұлғаларға арналған дифференциация ережесі бар. Бұл ережелер, олардың формулалары жылдың соңында өзгертілді. Біз бұл тарифтерді жаңа формулаға салып қайта есептеуіміз қажет. Мысалы, заңды тұлғаларға арналған үш тариф бар. Енді заңды тұлғалар үшін кешкі тариф азайтылып, есесіне түнгі тариф көбейеді. Тәулік аумағы бойынша жеке тұлғалар формуласы да өзгеріске ұшырады, сәйкесінше тарифты қайта есептейміз», - деп хабарлайды компаниядан.

Жеке тұлғалар үшін де күндізгі тариф азайтылып, есесіне түнгісі ұлғаяды деп айтылады. Алайда адамдар қазіргіше төлейтін болады. Компания монополияға қарсы ведомство бекіткен тариф бойынша жұмыс жасайды. Жарықты тұтыну мөлшері бойынша төлейтін тұлғалар үшін ештеңе өзгермейді.

«Формулалардың өзгерісі туралы монополияға қарсы органдарға ескерттік. Олар келісуі тиіс. Нәтижесі немен аяқталатыны белгісіз. Бізге бір соманы көрсеткенімізбен, олар басқа соманы бекітуі мүмкін», деп айтты компанияда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Otyrar.kz порталында Шымкентте 2017 жылдың 1 қаңтарынан электр қуаты бағасының қымбаттайтыны туралы ақпарат жарияланған. 

Соңғы жаңалықтар