+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.71 EUR 429.17
RUB 6.02 CNY 54.66
Jańalyqtar

Шымкентте Елбасының бес әлеуметтік бастамасының іске асырылу барысы талқыланды

2019 жылғы 2 мамыр 15:52
Бөлісіңіз:
Шымкентте Елбасының бес әлеуметтік бастамасының іске асырылу барысы талқыланды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Елбасы Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру бойынша «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Мәжіліске кеңес мүшелері мен мәслихат депутаттары, атқарушы орган басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру мақсатында Шымкент қаласы бойынша жол картасы әзірленіп, бекітілген болатын. Осы жоспардың орындалу барысы туралы мемлекеттік мекеме басшылары партия мүшелеріне есеп беріп, ұсыныстарын тыңдады. ҚР Ұлттық банкі Оңтүстік аймақтық филиалы директоры Ануар Ботанбеков «7-20-25» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Ануар Ботанбековтың айтуынша, бүгінгі таңда қала бойынша 450 өтініш қабылданған. Соның 239-ы мақұлданып, серіктес банктер арқылы 2,5 млрд теңгеге несие берілген. Дегенмен бұл Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларымен салыстырғанда төмен көрсеткіш болып отыр. «Қаланың экономикасы, халықтың әл-ауқаты өседі. Біз әлі де үлкен көрсеткіштерге жетеміз. Өйткені бұл бағдарламаның шектеуі жоқ. Сондай-ақ халықтың тұрғын үйге сұранысы көп. Жылдың соңына дейін бірнеше мың шаршы метр пәтерлер салынады. Қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен және BI GROUP компаниясымен де тұрғын үй кешені салынып жатыр. Бұның өзі «7-20-25» бағдарламасы арқылы сатылады», - деді филиал директоры.
null

Қалада 10 жоғары оқу орны мен 29 колледж бар болса, онда 106 мыңнан аса студент білім алуда. Жастардың 6614-і жатақханамен қамтылса, 8050 орынға қажеттілік туындап отыр. Жиында үшінші мегаполис студент жастарының жатақханадағы жағдайын жақсарту бойынша білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева баяндап, нақты мысалдар келтірді.

«Қазіргі таңда, қаламызда жатақхана орнының қажеттілігін жою бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтатын болсақ, әкімдік тарапынан «Тұран» шағынауданынан 8 га жер учаскесі белгіленіп, «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ның инвестициясы есебінен 5000 орындық жатақхана салу үшін жер учаскесі рәсімделді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер арқылы 200 және 350 орындық жатақхана салу үшін «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамымен келісімшарт жасалды. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде», - деді Айгүл Текебаев.

Мәжіліс барысында, сонымен қатар, шағын несие беруді көбейту бойынша қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нүркен Бигулиев пен тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету мәселесі бойынша энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Аманқұлов баяндады. Партия мүшелері атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық деген баға беріп, ақпараттық жұмыстарды күшейту бойынша ұсыныстарын айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT