Шымкентте «Ел жүрегі - Астана» атты мерекелік шаралар өтті

None
None
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Астана күні мерекесіне орай «Ел жүрегі - Астана» тақырыбында Шымкент қаласындағы «Астана» даңғылы бойында мерекелік шаралар өтті. Салтанатты шараға облыс, қала басшылығы мен қала тұрғындары қатысты. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Мерекеге арналған шара аясында жасөспірімдер арасында асфальтта сурет салудан байқау мен қылқалам шеберлері суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды, марафон өткізілді. Облыс басшылығы тұрғындарды мерекемен құттықтады, қала әкімі мереке қарсаңында өткен өлең, авторлық шығарма, сурет байқауларының жеңімпаздарын марапаттады. Шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Бұдан бөлек М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өңір ғалымдарының ғылыми жобалары мен жетістіктері жайлы көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, университетте «Астана - ұлттық тарихтың жаңа белесі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференция алты секция бойынша жұмыс істеді. Онда «Тәуелсіз Қазақстанның идеалдары мен құндылықтары», «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі», «Жаңа Қазақстан патриотизімін қалыптастыруда тарихи, этнологиялық және археологиялық зерттеулердің маңызы», «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі форматында «жасыл экономика» негізінде Астананы дамытудың заманауи тұжырымдамасы секілді маңызды мәселелер қамтылды.

Соңғы жаңалықтар