Шымкентте экскаватор жүргізушісінің кесірінен 6500 абонент газсыз қалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте экскаватор жүргізушісінің кесірінен 6500 абонент газсыз қалды. Жүргізуші кеше түнде сағат 22:00 шамасында Алматы айналма жолында жер қазу жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сала мамандарының мәліметінше, оқиға орнына авариялық құтқару бригадасы келген. Тексеру жүргізген мамандар экскаватор жүргізушісінің жерасты жоғары қысымды Ду-315мм полиэтилен газ құбырына зақым келтіргенін анықтаған. Салдарынан қазір сол маңдағы 6500 тұтынушы мен 35 бірлік коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын, 6 өнеркәсіптік кәсіпорын газдан ажыратылған. Кінәлі жүргізушіні Абай аудандық ПБ қызметкерлері іздестіруде.


Соңғы жаңалықтар