Шымкентте экскаватор мен жеңіл көлік соқтығысып, сәби көз жұмды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жолда кетіп бара жатқан экскаватор мен жеңіл көлік соқтығысып, бір жасқа толмаған нәресте мерт болды. Тағы үш ересек адам ауыр жарақаттанып, оның бірі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол көлік оқиғасы кеше күндізгі 11:00 шамасында болған. Жібек жолы көшесінде келе жатқан эксковатор бұрылмақ болғанда, оған Тойота көлігі соғысқан. Бұл оқиға сондағы ғимараттардың бейнекамерасына түсіп қалған. Салдарынан жеңіл көлік қатты зақымданып, ішіндегі үш адамның екеуі көз жұмды. Қалған екі жолаушы қазіргі таңда ауруханада жатыр.


Осы жәйт бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталғанын хабарлады. «Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 3 бөлігімен (Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) тіркелді. Жүргізушілердің мас күйін тексеру мақсатында және жол көлік оқиғасына қатысты бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалған. Тергеу амалдары жалғасуда»- деді полициядан.
Соңғы жаңалықтар