Шымкентте Экономикалық тергеу басқармасының басшысы қызметтен уақытша шеттетілді

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу басқармасының қызметкерінің дене жарақатын алу фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша 8 мамырда Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу басқармасының қызметкері Б.Е. Ахметжановтың дене жарақатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлады.

Аталған факті бойынша ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізді. Осыған байланысты Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу басқармасының басшысы қызметінен уақытша шеттетілді.


Соңғы жаңалықтар