+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Шымкентте екі жұмысшының мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

2019 жылғы 9 қараша 12:41
Бөлісіңіз:
Шымкентте екі жұмысшының мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте құрылыс алаңында екі жұмысшының қайтыс болуына орай ҚК 156 бабының 4 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Риддер қаласында құбыр жарылып, каналдағы су деңгейі көтерілді АҚШ-та дүкен тоналғаннан кейін атыс болып, төрт адам ажал құшты Ақмола облысындағы астық қоймасында бетон плита құлап, жұмысшы мерт болды

Баспасөз мәслихатына қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев пен ТЖД басшысының орынбасары Мадияр Жақсыбаев, Құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов пен еңбек испекциясының басшысы және мердігер компания өкілдері қатысты.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің айтуынша, қазір үйінді астында қалып аман қалған жүргізушінің жағдайы қалыпты. Тиісті медициналық емдеу шаралары жүргізілуде.

«Оқиғаның алдын ала болжамды себебі: құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер «Югстройсервис-Н» ЖШС тарапынан қауіпсіздік техникасы жəне құрылысты жүргізу технологиясы сақталмаған«, делінген әкімдік таратқан мәліметте.

Еске салайық, кеше түнде Шымкенттегі құрылыс алаңдарының бірінде үш техниканы топырақ басып қалып, екі жұмысшы қаза тапқан болатын. Тоғыз қабатты үйге 25 метрлік тереңдікте шұңқыр қазу кезінде қабырғасы құлап кетіп, салдарынан шұңқырды қазып тегістеп жатқан үш техника жүргізушілері үйіндінің астында қалған еді. Бес сағатқа созылған құтқару жұмыстары кезінде бір техника сыртқа шығарылып, жүргізушісі аман қалды.

Ал, үйінді астында қалған екі техниканың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT