Шымкентте екі жігіт аялдама әйнегін сындырған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте екі жігіт аялдаманың әйнегін сындарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

15 ақпан таңғы сағат 6:00 шамасында Шымкент қаласының полиция департаменті патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Сұңғат Абилов аумақты патрульдеу барысында Абай даңғылында орналасқан «Радуга» автобус аялдамасының шыны қабырғасы сынғанын байқаған.

Тәртіп сақшысы бұл туралы Абай ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел хабарлап, вандалдарды іздеуге кіріскен.

Инспектор оқиға орнына жақын жерде жүрген 2 жігітті байқап, тоқтатады.

Тексеру барысында бір жігіттің ұялы телефонынан олардың аялдаманың әйнегін сындырып жатқан бейнежазбасы табылды.

19 жастағы екі азамат полицияға жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.

Тексеру аяқталғаннан кейін азаматтардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.



Соңғы жаңалықтар