+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Шымкентте екі жасөспірімді көлік қағып, біреуі көз жұмды

2019 жылғы 6 желтоқсан 12:45
Бөлісіңіз:
Шымкентте екі жасөспірімді көлік қағып, біреуі көз жұмды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 4 желтоқсанда Шымкент қаласында Темірлан тасжолы бойында кәмелетке толмаған екі жасөспірімді көлік қақты, деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
«Атырау-Орал» тасжолында екі көлік соқтығысты Петропавлда жүк көлігі аударылды Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығынан өткен түнде жүзге тарта жол-көлік оқиғасы тіркелді

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жасөспірімдердің біреуі алған жарақатынан қайтыс болды. Ал екіншісі Шымкент қаласындағы медициналық мекеменің жансақтау бөліміне жеткізілді.

Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347-бабы «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған көліктің маркасын және оның орналасқан жерін анықтады.

Аталған автокөлік жүргізушісін ұстау бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Көлік, Шымкент,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT