+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Шымкентте екі университет бас лицензиясынан айырылып, жабылды

2021 жылғы 9 шілде 15:15
Бөлісіңіз:
Шымкентте екі университет бас лицензиясынан айырылып, жабылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында екі жоғары оқу орны бас лицензиясынан айырылды. Олар - «Орда» (бұрынғы «Silkway халықаралық университеті») мен «Мирас» университеттері, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

2020 жылы «Орда» және «Мирас» университеттерін тексеру барысында білім саласындағы заңнаманы өрескел бұзу фактілері анықталған.

Екі жоғары оқу орнының қызметі тоқтатылып, оларға анықталған бұзушылықтарды жоюға уақыт берілді.

Алайда жоғары оқу орындары қателікпен жұмыс жүргізбей, 8 ай комитеттің лицензияны тоқтата тұру туралы шешіміне шағымданумен айналысты.

Бірақ соңында сот комитеттің шешімін өз күшінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Ал университеттің көптеген шағымдары қанағаттандырылмады.

Енді Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 1 шілдедегі шешімімен аталған екі жоғары оқу орны бас лицензиясынан айырылды.

«Осы жылдың мамыр айында қайта тексеру қорытындысы бойынша қателіктермен жұмыс жүргізілмегені анықталды. Ең басты мәселе кадрларды даярлау сапасында болды. Мысалы, «Орда» Университетінде оқитындардың 97%-ы шекті балдан өте алмады және оқу процесінде алынған білім мен құзыреттердің жеткілікті деңгейін растай алмады. Екі жоо-да кестеге сәйкес жаппай сабақ өткізбеу фактілері анықталды. Ағымдағы бағалар қойылмаған, бекітілген кестеге сәйкес емтихандар өткізілмеген, пәндер толық көлемде оқытылмаған. Тиісті 5 кредиттің орнына тек 3 кредит игерілді. Барлық пән оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілмеген. Оқытушылардың бекітілген педагогикалық жүктемесі мен оның нақты орындалуы арасында үлкен айырмашылықтар бар, яғни оқытушыда жүктемеде белгілі бір пән бойынша дәріс оқу жоспарлануы мүмкін, ал іс жүзінде ол оны оқымайды», – деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы бақылау басқармасының басшысы Эльвира Сапарбекова.

Бұған дейін тәуелсіз білім сапасын қамтамасыз ету агенттігі де осы жоғары оқу орындарын аккредиттеуді тоқтатқан еді.

Сондықтан бұл университеттер түлектерге диплом бере алмайды. Диплом алу және оқуды аяқтау үшін студенттер басқа университеттерге ауыса алады.

Бұл жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында көзделген.

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айырылған немесе білім беру ұйымы таратылған кезде құрылтайшы білім алушыларды басқа білім ұйымдарына ауыстыру үшін шаралар қабылдайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT