+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Шымкентте екі қылмыстық топ мемлекетке 3 млрд теңге шығын келтірген

2021 жылғы 25 қараша 12:02
Бөлісіңіз:
Шымкентте екі қылмыстық топ мемлекетке 3 млрд теңге шығын келтірген

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте мемлекетке 3 млрд теңге шығын келтірген екі қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жоғарғы сот судьясы Мейрам Жанғұттинов 5 жылға сотталды 4 жалған фирманы басқарған Павлодар тұрғыны сотталды Мобильді аударымдарға салық салу: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысатын екі қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған.

«8 адамнан тұратын қылмыстық топтардың бірі 2018-2020 жылдар аралығында контрагент кәсіпорындарға материалдық сыйақы үшін жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берумен айналысқан. Қылмыстық схеманың негізгі ұйымдастырушысының үйінде құжаттары мен мөрлері табылған 16 шаруашылық жүргізуші субъектіге осы ҰҚТ-ның қатысы бар екендігі анықталды.

Екінші қылмыстық топ бір күндік 21 компанияның атынан тауарлар мен қызметтерді жеткізуге ұқсас жалған мәмілелер жасасқан. Бұл ретте, шарттар бойынша жұмыс көлемі іс жүзінде орындалмаған.

Салдарынан мемлекетке 3,1 млрд теңге сомасына салық төленген жоқ», - делінген агенттік мәліметінде.

Қазіргі уақытта қылмыстық істер сотта қаралуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT