+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Шымкентте екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды

2019 жылғы 29 қараша 15:53
Бөлісіңіз:
Шымкентте екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы әкімінің өкімімен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сонымен қатар цифрландыру басқармаларына жаңа басшы тағайындалды. Бұл жөнінде қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Президенттік жастар кадрлық резервінің 7 мүшесі елорда әкімдігіне қызметке тағайындалды Маңғыстау облысының әкімдігінде 2 тағайындау болды Президенттік кадр резервінің өкілі Қарағанды облысында аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Абай Тұрханов тағайындалды. Абай Абдиманафұлы осыған дейін қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

А.Турханов 1984 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы - тасымалдау және жол қозғалысын ұйымдастыру маманы. Еңбек жолын 2007 жылы Шымкент филиалында жол белгілері бойынша маман болып бастаған. 2008-2018 жылдары Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

Ал, цифрландыру басқармасының басшысы лауазымын Айдос Оспанов атқарады.

Ол 1987 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша қаржыгер, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының магистрі.

Еңбек жолын 2009-2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің құрылымдық бөлімшелерінде сарапшы, бас сарапшы қызметтерін, 2017-2018 жылдары ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы қызметін, 2018-2019 жылдары Шымкент қаласы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT