Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Шымкентте екі ауданға жаңадан әкім тағайындалды

2018 жылғы 13 шілде 17:16 91
Бөлісіңіз:
Шымкентте екі ауданға жаңадан әкім тағайындалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкентте екі ауданға жаңадан әкім тағайындалды. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс өткен 34-ші сессиясында депутаттар Қаратау мен Әл-Фараби аудандарының әкімдерін тағайындау туралы ұсынысқа келісімдерін берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Қазгеология» АҚ басшысының міндетін атқарушы тағайындалды Түркістан облыстық ассамблеясы жанындағы құрылымдардың жаңа құрамы бекітілді

Сонымен, Қаратау ауданының әкімі қызметін Исамидин Мұхитдинұлы Қантөреев атқаратын болды.

Исамидин Мұхитдинұлы 1984 жылы туған. Білімі - жоғары, заңгер-экономист. Қызмет жолын 2005 жылы ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Өндірістік және жедел кәсіпорын» ЖШС-де экономист болудан бастаған. 2008-2009 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығы» ММ-нің Батыс Қазақстан облысы бойынша е-кадр жөніндегі операторы, 2009 жылдың сәуірінен «Персоналды басқару бойынша ұлттық орталығы» АҚ ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің аумақ бойынша бағалау және мониторинг басқармасының сарапшысы, 2013-2015 жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық бақылау жұмысы бөлімінің референті қызметтерін атқарған.

Шымкентте екі ауданға жаңадан әкім тағайындалды

2016 жылдың сәуірінен бүгінгі таңға дейін Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

Ал,  Әл-Фараби ауданының әкімі болып Мәуленқұлов Ғабит Патшаханұлы тағайындалды.

Ғабит Патшаханұлы 1977 жылдың 22 наурызында дүниеге келген. Білімі - жоғары, заңгер. Еңбек жолын 2000 жылдары Каспий экологиялық прокуратурасында маман болудан басталған. Кейіннен Каспий экологиялық прокуратурасы прокурорының көмекшісі міндетін, Атырау табиғатты қорғау прокуратурасы прокурорының көмекшісі міндетін атқарды. 2001 жылдан бастап «Астана Интернационал» ЖШС-де заңгер болған. 2002-2016 жылдары ҚР Жоғарғы Сот аппаратында түрлі қызметтер атқарды. 2016-2018 жылдары Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі лауазымында қызмет атқарды. 2018 жылдың наурызынан бері Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.


Шымкентте екі ауданға жаңадан әкім тағайындалды

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау, Шымкент, Әкім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT