Шымкентте дүниеге келген алып балаға ата-анасы Алпамыс деп ат қойды

None
Фото: Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте салмағы 6 келі болатын ұл бала дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте 31 жастағы келіншек салмағы 6 келі болатын алып сәбиді дүниеге алып келді.

Білікті дәрігерлер бөбекті іштен жарып алмай, анасын табиғи жолмен босандырған.


Қазір батыр баланың да, анасының да жағдайы бірқалыпты.

«Бүгін түнгі сағат 01:05-те перзентханаға 1992 жылы туған жүкті әйел жедел жәрдем көлігімен жеткізілген болатын. Таңғы сағат 07:30-да ол салмағы - 6000 гр, бойы – 65 см болатын батыр баланы дүниеге алып келді. Үлкен салмақпен туған сәбиге ерекше күтім қажет», - делінген Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қалалық №2 ауруханаға қарасты перзентханада туған бүлдіршінді ата-анасы Алпамыс деп атады.

Дәрігерлер ана мен баланы келер аптада үйге шығаруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, сәуір айында да Шымкентте салмағы 6 келіден асатын алып нәресте дүниеге келген болатын.


Соңғы жаңалықтар