+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шымкентте дизель отынын қолдан жасап, сатқандардың ісі қаралуда

2020 жылғы 1 маусым 13:52
Бөлісіңіз:
Шымкентте дизель отынын қолдан жасап, сатқандардың ісі қаралуда

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жағармайды қолдан жасап, оны бекеттерге сатып жүрген қылмыстық топ анықталды. Тексеру нәтижесінде 68 230 литр дизельдік отын тәркіленіп, аталған дерек бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте шет мемлекеттерден жеткізілген дәрі-дәрмектер үлестірілуде Алматыда 12-қабаттан секірген аса қауіпті қылмыскер ұсталды Шымкентте жедел жәрдем қызметіне жүгінушілер саны азайған

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы дерегі бойынша келтірілген залалдың болжамды соммасы 12 млн 213 мың теңгені құраған.

«Қаланың бірнеше тұрғыны жабдықталған жасырын цех ішінде дизельді отынды арзан пеш жағар майымен араластырып, үлкен көлемде сапасыз жағармай жасап отырған. Әрі қарай аталған аталған «өнім» Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы автожанармай құю бекеттеріне жеткізіліп, нәтижесінде алаяқтар баға айырмашылығымен заңсыз пайда тауып жүрген. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 197 бабы 4 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелген», делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT