Шымкентте Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды. Шымкент қаласы әкімінің өкімімен бұл қызметті Асхан Мархабайұлы Байдувалиев атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін басқарманың жаңа басшысын таныстырған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов біліктілігі жоғары және медицина ғылымының кандидаты Асхан Мархабайұлына алдағы жұмысына сәттілік тілеп, денсаулық сақтау саласының дамуы бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, Асхан Мархабайұлы 1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қарағанды медицина институтын және С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық университетінің магистратурасын бітірген, мамандығы - дәрігер.

Еңбек жолын С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті урология кафедрасының ассистенті болып бастаған. Кейін Алматы қаласындағы Қазақстан медициналық университеті урология кафедрасының меңгерушісі, Алматы облысы «Қарасай ауданының емханасы» МКК директоры, 2012 жылы ШЖҚ «Қарасай аудандық орталық ауруханасы» МКК директоры қызметтерін атқарды. 2015 жылы Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды. Ал, 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің дипломнан кейінгі білім факультетінің деканы және С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ клиникасы департаментінің директоры қызметін атқарып келген.

Соңғы жаңалықтар