Шымкентте дауыл салдарынан жарықсыз қалған үйлерге электр тоғы беріле бастады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қатты дауылдан жарықсыз қалған  үйлерге қайта электр энергиясы  беріле бастады. Бұл туралы «Оңтүстік Жарық транзит» компаниясы баспасөз қызметінің мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, кеше түнде қалада орын алған дауыл  жарық беру желілерін үзіп, бағаналарды сындырып кеткен болатын. Қатты жылдамдықпен соққан жел облыс орталығындағы 25 электр желісін бұзып кетті. Табиғи апат салдарынан Самал-2, Нұрсат, Сəуле, Тұрлан, Құрсай жəне Ақжар, Ақжайық мөлтекаудандары  мен Арғынбеков көшесі жарықсыз қалған еді. Жеке үйлерде пештер істемей, жұрт жылусыз отыруға мәжбүр болды. Сондай-ақ қаладағы ағаштар сынып, көпқабатты үйлер мен ғимараттардың шатырларын ұшырып әкетті. Қоршаулар мен шатырлардың қирауынан 12 жерасты газ құбыры істен шықты. Ал, бүгін «Оңтүстік Жарық транзит» компаниясының мамандары жəне Шымкент қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері істен шыққан желілердің негізгі бөлігін қайта қалпына келтірді. Қазіргі таңда жекеменшік сектордағы жарық желілерін іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Мамандар газ жүйесін толығымен қалпына келтірді. Қазір жеке бөлімдерде жөндеу шаралары қолға алынған.
null null null null 

Соңғы жаңалықтар