Шымкентте дәрігерлер жалғастырғыш тетікті жұтып қойған сәбиді аман алып қалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Шымкентте дәрігерлер телефонның жалғастырғыш тетігін жұтып қойған сәбиді ажалдан аман алып қалды. Алты айлық сәбидің ата-анасы бөгде затты жұтып қойғанын тек бір аптадан соң білген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жалғастырғыш тетікті жұтқан нәрестенің денсаулығы сыр беріп, мазасыздана бастаған. Содан ата-анасы жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға жеткізген. №1 клиникалық балалар ауруханасындағы дәрігерлер баланы шұғыл түрде тексеріп, рентгенге түсіру кезінде асқазанында бөгде зат бар екенін анықтаған.null

«Біз алты айлық сәбидің асқазасындағы бөгде затты гастраскоптың көмегімен алып шықтық. Баланың асқазанынан шыққан заттың телефонның жалғастырғышы екені анықталды. Сәби хирургия бөлімінде ем қабылдап шықты»,- дейді аурухананың дәрігері Әкім Түлкібаев.

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың бөгде заттарды жұтып қоюы қайғылы жағдайларға әкеп соқтырады. Дегенмен алты айлық нәрестенің қазіргі жағдайы жақсарған. Өміріне келер қауіп жоқ. Ауруханадан үйіне шығарылған.

Соңғы жаңалықтар