+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шымкентте дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы қабынған 82 жастағы әжейді аман қалып қалды

2020 жылғы 7 шілде 02:10
Бөлісіңіз:
Шымкентте дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы қабынған 82 жастағы әжейді аман қалып қалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы қабынған әжейді аман қалып қалды. Қалалық №1 клиникалық ауруханаға ауыр халде жеткізілген зейнеткер Галина Хрущеваға дәрігерлер пневмония диагнозын қойған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
346 адамға пневмония диагнозы қойылды Алексей Цой коронавирус пневмониясы санының күрт ауытқуын түсіндірді Қарағанды облысында соңғы екі айда 34 балаға пневмония диагнозы қойылды

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өкпесіндегі дерті асқынған әжейді ауруханаға 26 маусым күні жедел жәрдем жеткізген. Науқасты тексерген мамандар оның өкпесінің басым бөлігі зақымданғанын және қан кеткенін анықтаған.

Жағдайының ауырлауына байланысты әжей төрт күннен кейін жансақтау бөліміне ауыстырылып, COVID-19 емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетілген.

«Дәрігерлер 82 жастағы қарияның қазіргі жағдайы жақсы деп бағалаған. Дер кезінде көрсетілген ем-домның арқасында қарт кісінің денсаулығы жақсарып, 6 шілде күні ол ауруханадан шығарылған. Егде жастағы науқас өзін ажалдан арашалап қалған медицина мамандарына ризашылығын білдірді» делінген хабарламада.

Айта кетейік, қала бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 3 555-ке жеткен. Ал, жазылып шыққандар саны - 717 адам.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT