Шымкентте дәрігер медбикені жұмыс орнында зорлады деген күдікке ілінді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте дәрігер медбикені жұмыс орнында зорлаған деген күдікке ілініп отыр. Қалалық полиция департаменті қазіргі таңда сезіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, аталған қылмыс туралы Dina Tansari есімді әлеуметтік желі қолданушысы өз парақшасында жазған болатын.
«Екінші жәбірленуші - медбикені дәрігер жұмыс орнында зорлаған. Істі жауып жатыр, жәбірленушіге қысым көрсетіліп жатыр, дәрігерден жауап та алынбауда, беттестіру де болмады» деп жазды белсенді. Осы мәселеге орай тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатқан полицейлер аталған қылмыс бойынша іс қозғалғанын хабарлады.
«Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінің әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігімен және 121-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысында күдікті ұсталған. Қылмыстық іс айыптау актісімен Шымкент қаласы әл-Фараби ауданының прокуратурасына жолданған» делінген хабарламада.




Соңғы жаңалықтар