Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.36 EUR 431.30
RUB 5.45 CNY 53.80
Жаңалықтар

Шымкентте дәмханадан уланған 3 жасар қыз ауруханада қайтыс болды

2018 жылғы 12 қыркүйек 17:42 522
Бөлісіңіз:
 Шымкентте дәмханадан уланған 3 жасар қыз ауруханада қайтыс болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімдігі ауруханада қайтыс болған 3 жасар қызға қатысты мәлімдеме жасады. Қала басшылығы мен дәрігерлердің айтуынша, бүлдіршіннің өліміне медициналық көмекке кеш жүгіну себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Адасқан тырна аңшылық шаруашылығына тапсырылды Перзентханада қайтыс болған жүкті әйелдің өлімі үшін дәрігерлер жауап береді

Дәрігерлердің мәліметінше, 2015 жылы туған бүлдіршін ауруханаға 9-шы қыркүйек күні сағат 10.55-те жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Оның іші ауырып, құса берген. Қабылдау бөліміндегі дәрігерлер баланың жағдайы орташа деңгейде екенін анықтайды. Алайда бүлдіршіннің әжесі оны ауруханаға жатқызудан бас тартады. Осы күні сағат 14.24-те балаға қайтадан жедел жәрдем шақыртылады. Ол кезде де әжесі ауруханаға жатқызудан бас тартып, тіпті тілхатқа қол қойып берген. Дәл сол күні сағат 16:55-те аталған ауруханаға өздері келіп, науқас бала жатқызылған. Ол кезде «Тамақтан улану токсокоинфекциясы» диагнозы қойылған.

«Түскен кездегі шағымы: тәулігіне 5-6 рет құсу, әлсіздік, тәбеттің болмауы. Аталған ауруды бір күн бұрын дәмханадан жеген пицца, суши және сүтті коктейль ішумен байланыстырған. Баланың анасы да бірдей уақытта ауырған, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алған.

10-шы қыркүйек күні сағат 21:10-да баланың жағдайының нашарлауына байланысты, ол реанимациялық бөлімге ауыстырылған. 10-ы күні сағат 22:30-да ИВЛ-терапия мен жүрегіне қайта тірілту жасалуына қарамастан, қыздың жүрек соғысы тоқтайды. Реанимациялық жұмыстар оң нәтиже бермеген.

Клиникалық негізгі диагнозы: «Сепсис, септицемия». Асқынулар: «ЖЖӨЖ. Бас миының қабынуы, 3-дәрежелі септикалық шок». Нәтижесінде К есімді қыз бала қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 10-шы қыркүйек күні жан тапсырған»,- делінген хабарламада.

Осыдан кейін туыстары патологиялық-анатомиялық тексеру өткізуден бас тартып, баланың денесін алып кеткен. Медицина қызметкерлеріне ешқандай шағымы жоқ екені туралы қолхат жазып қалдырған.

Қазіргі таңда қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің ОҚО бойынша департаменті тарапынан аталған жағдайға қатысты қызметтік тексеру жұмыстары басталды. Әкімдіктегілер тексеру нәтижесі қосымша хабарланатынын жеткізді.

 


Басты сөздер: Оқиға, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат