USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Шымкентте далада табылған нәрестеге қатысты қылмыстық іс қозғалды

2017 жылғы 27 ақпан 16:50
Бөлісіңіз:
Шымкентте далада табылған нәрестеге қатысты қылмыстық іс қозғалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте тастанды нәрестеге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен мәлімдеді.

Қазір сәбиді көшеге қалдырған көкек анаға іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Осы дерек бойынша Шымкент қаласына қарасты Абай аудандық ІІБ Қылмыстық кодекстің «Қауiптi жағдайда қалдыру» бабымен іс қоғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тексеру шаралары қолға алынған.

Еске салайық, демалыс күні таңғы сағат сегіз жарым шамасында жеке медициналық орталықтың күзетшісі қоқыс тастайтын жәшік пен банкоматтың арасынан жаңа туылған сәбиді тауып алған болатын. Қансыраған сәбиді анасы босанған күйі тастап кеткен деген болжам жасалған-ды. Дереу жедел жәрдем көлігі шақыртылып, сәби 2-інші перинаталды орталыққа жеткізілді. Бүгін баспасөз маслихатын өткізген облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев тастанды нәрестенің жағдайы ауыр екенін айтқан еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT