Шымкентте бұзақылар автобусқа оқ жаудырды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте бұзақылар  қоғамдық көлікке оқ атқан. Келеңсіз жағдай Алматы-Ташкент тас жолында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 5 қараша күні белгісіз біреулер жолда кетіп бара жатқан «YOENG K 6108 hdh» маркалы автобусқа  травматикалық қарудан оқ жаудырған.

«Полицейлер қоғамдық көлікке оқ атқан бұзақыларды ұстады. Олар - Түркістан облысының тұрғындары. Сезіктілерден айғақты заттар тәркіленді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар