Шымкентте бұрын екі рет жазасын өтеген тұрғын тағы 10 жылға сотталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте бұрын екі рет жазасын өтеген тұрғын тағы да сотталды. Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтірген айыпталушыны ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Қылмыстық істі қараған судья Самиддин Теміралиевтің сөзінше, келеңсіз оқиға өткен жылдың соңында Шымкенттің іргесіндегі Қайнарбұлақ саяжайында болған. Сол жердің тұрғыны үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізу ушін танысын шақыртады. 49 жастағы танысы бұрын екі рет сотталған екен. Екеуі жұмысқа кірісіп, арасында ішімдік ішіп алады. Мас болған  достардың арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Сот барысында айыпталушы қайтыс болған Дмитрий Чирковтың өзіне пышақ алып жүгіргенін айтқан. Содан өзін қорғамақ болған ол пышақты танысына бағыттап, сұғып алыпты. Бірақ оқиға орнынан бой тасаламай, полицияны өзі шақырған. Жасаған қылмысын мойындап, тәртіп сақшыларына бәрін баяндап берген.

Үш ай көлемінде жүргізілген тергеу нәтижесінде айыпталушының кінәсі толығымен дәлелін тапты. Бүгін сот кісі өлтірушіні 10 жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейтін болды. Сондай-ақ маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу жөнінде шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар