Шымкентте бұралқы ит- мысықты аулауға бюджеттен 140 млн теңге бөлінеді

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте бұралқы ит, мысықтарды аулауға бюджеттен 140 млн теңгеге жуық қаржы бөлінеді.

Бұл туралы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Абунасыр Джанбатыров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылы 40 мың қаңғыбас ит пен мысықты аулауға бюджеттен 130 млн теңге бөлінген. Ал, биыл иесіз қалған 20 мың жануарды аулау үшін 139 500 000 теңге бағытталмақ. Оның ішінде 8400 бас итті кастрациялауға 84 миллион теңге қаржы қаралып отыр.

«Жануарлардың жиналуы орнына маниторинг нәтижелері бойынша және азаматтардың өтінішімен ауланада. Егер қоғамға қауіп төндіретін болса немесе адамның өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жануарлар ізгілікті жолмен жансыздандырылады. Ал, қоғамға қауіп төндірмесе, ауруы жоқ болса, оқшаулау орталығына жеткізіледі. Клиникалық тексерулер жүргізіліп, арнайы ветеринарлық мамандар стерилизациялау, кастрациялау жөніндегі жұмыстарға шешім қабылдап, жүзеге асырады. Вакцинация салынады. Заңға счәйкес есепке алынадып, құлағына чип салынады. Іс-шара өткен соң, агрессия білінбеген жағдайда мекен-ету орталығына қайта жіберіледі» - деді Абунасыр Джанбатыров.

Сондай-ақ, спикер 2023 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап барлық тұрғындар үйлерінде ұстайтын жануарларын тіркеу міндеттелетінін айтып өтті. Егер тіркелмесе айыппұл салынатын болады.


Соңғы жаңалықтар