Шымкентте бүлдіршіндердің 94 пайызы балабақшамен қамтылған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте балабақшамен қамту деңгейі 89 пайыздан 94 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қалада 498 балабақша бар, оның 397-сі - жекеменшік. Жалпы, мектеп және балабақша құрылысын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүргізетін боламыз», - деп атап өтті халық алдында есеп беру кездесуінде қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

Айта кетейік, 1 наурыздан бастап Шымкентте көпбалалы аналар автобуста тегін жүреді. Сондай-ақ, көпбалалы отбасыларға ақыл-кеңес беретін арнайы орталық ашылады.

null

Соңғы жаңалықтар