Шымкентте букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалды. Бетіне бетперде киіп, қаруланған күдікті кеңседегі ақшаны тонамақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД мәліметінше, букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасаған күдікті көп ұзамай қолға түкен.

«Қарақшылық шабуыл кезінде кассир абдырап қалмай, дабыл нүктесін басып үлгерген. Дабыл қаққыштың дыбысынан қорқып, күдікті қылмыс орнынан қашып кеткен. Жедел-тергеу тобы оның жеке басын анықтап, ұстады. Қамауға алынған адам Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты» делінген хабарламада.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 192-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар