Шымкентте босанғаннан кейін комаға түскен әйел көз жұмды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жаңадан босанып, ес-түзсіз күйге түскен әйел қайтыс болды. Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының  баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Науқас әйелдің қан қысымы қатты көтеріліп кеткен болатын. Босанған әйел облыстық перинаталдық орталықтан облыстық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне ауыстырылған еді.Бүгін ол қайтыс болды. Қазір арнайы комиссия құрылып, қызметтік тексеру шаралары жүргізілуде»,  делінген хабарламада.

Ал, марқұмның жаңадан өмірге келген сәбиінің денсаулығын мамандар жақсы деп бағалап отыр. Айта кетейік, науқас әйел №1 облыстық перинаталдық орталықта босанған болатын. Алғашында оның денсаулығы қалыпты болып, кейіннен күрт нашарлап кеткен еді. 

Соңғы жаңалықтар