Шымкентте биыл ағаштар ерте гүлдеді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте биыл күн күрт ысып, ағаштар ерте гүлдеді. Қалада әсіресе жеміс ағаштарының ішінде көктемді бірінші болып сезетін өріктер гүл ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір қалада ауа температурасы +19 +24 градусқа дейін жетіп отыр. Ал, түнде термометр көрсеткіштері шамамен +4 +9, кей жерлерде +1 градусты көрсетіп тұр. Жергілікті синоптиктердің болжауынша, осындай жылы ауа райы наурыздың 19-на дейін сақталады.

«19 немесе 20 наурыздан бастап жаңбыр күтілуде. Ауа температурасы жаңбырдың әсерінен төмендеуі мүмкін. Ол кезде бір қатты төмендейді деп айта алмаймыз. Онда да плюстік температура сақталады»,- дейді метеоролог Динара Айтмырзаева.
null null

Соңғы жаңалықтар