Шымкентте биыл 200-ден астам адам алкогольден ұланып, қайтыс болған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте этил спирті мен алкоголь өнімін заңсыз өндіріп келген 12 жасырын цех анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жыл басынан көлеңкелі бизнестен 20 мың бөтелкеден астам дайын суррогаттық алкоголь өнімдерін, 3 мыңнан астам этил спиртін, 20 мыңнан астам жалған есепке алу-бақылау маркілерін тәркілеген.

Этил спирті мен алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымы бойынша мемлекетке жалпы 11 млн теңгеден астам залал келтірілген.

Мамандар суррогаттық алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымынан мемлекетпен қатар, адамның денсаулығына да үлкен зиян келетінін айтып, дабыл қағуда.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес 2020 жылы – 200 адам, ал 2021 жылы – 240 адам алкогольден ұланып, қайтыс болған.


Соңғы жаңалықтар