Шымкентте бір үйдің екі баласын көлік қағып кетті

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «Hundai Accent» маркалы автокөлік жүргізушісі мектепке бара жатқан әпкелі-сіңлілі екі жасөспірімді қағып кетті. Жасөспірімнің бірі дене жарақатымен Шымкент қалалық балалар ауруханасына жеткізілсе, екіншісі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін әл-Фараби мен Қ. Сыздықов көшесінің қиылысында болған. «Hundai Accent» жүргізушісі «Nexia» көлігіне соғыспау үшін оңға шұғыл бұрылып, апатты жағдай жасаған. Осылайша, ол бағдаршамды және жолдың жиегінен жаяу жүргіншілер жолағына шықпақшы болған екі жасөспірімді, мұнан соң электр бағанын соққан.

«Аталған жайт бойынша жол-көлік оқиғасын жасаған азаматқа ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылды. Екі автокөлік те айыптұраққа қойылды», - делінген Шымкент қаласы полиция департаменті таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар