+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Шымкентте бір тәулікте 8 473 адам екпе алды

2021 жылғы 14 шілде 14:28
Бөлісіңіз:
Шымкентте бір тәулікте 8 473 адам екпе алды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 8473 адам вакцина қабылдаған. Екпенің I компонентін - 4731, II компонент - 3742 адам салдырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында соңғы үш күнде 8,3 мың сынама коронавирусқа тексерілді Шығыс Қазақстан облысында 10 мыңға жуық бала Pfizer вакцинасын алды Павлодарда медбике коронавирус вакцинасын өтірік салып, қызметіне ақша алған

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, егу науқаны басталғалы мегаполисте барлығы 325 354 адам вакцина салдырған.

Оның ішінде 198 008 адам вакцинаның екі компонентін қабылдаған.

Сонымен қатар, 13 шілде күні КВИ-дің 342 жағдайы тіркелген. Науқастардың 254 белгілері бар болса, 88 адамда белгілері болмаған.

78 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 264 адам үй бақылауына алынды.

Қалада 303 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіліп, 23 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталған.

Карантин талабын сақтамағандарға әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Мамандар қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделі екенін ескертіп, тұрғындарға қоғамдық орында бетперде режимін сақтау ескертілді.

Сондай-ақ, ертерек екпе алуға шақырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT