+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Шымкентте бір отбасы астан уланып, екі бүлдіршін көз жұмды

2019 жылғы 4 қараша 10:40
Бөлісіңіз:
Шымкентте бір отбасы астан уланып, екі бүлдіршін көз жұмды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте бір отбасы астан уланып, анасы мен үш баласы ауруханаға түскен. Алайда дәрігерлер 1 және 4 жасар баланы аман алып қала алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жоғалған қызды іздестіруге 50 полиция қызметкері жұмылдырылды Ішкі істер министрі қызды құтқарған полицейлерді марапаттады Суға батып бара жатқан балаларды құтқарған отбасы марапатталды - СҚО

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 10:30-да жұқпалы аурулар ауруханасына «тағамнан улану» диагнозымен бір отбасыдан шыққан балалар мен анасы түскен. Олар Еңбекші ауданына қарасты Алдияров көшесіндегі көпқабатты үйден жеткізілген.

Отағасының айтуынша, алғашқы ауырған сәтте, яғни түнге 04:42-де осы мекенжай бойынша жедел жәрдем шақыртқан. Себебі, тамақтан уланған әйелі мен үш перзенті жаппай құсқан. Ауырсыну белгілері байқалған. Жедел жәреммен келген медицина қызметкерлері ем тағайындап, кетіп қалған. Алайда жанұя мүшелерінің жағдайлары одан сайын нашарлап, таңертең тағы медициналық көмек шақыртқан. Сөйтіп 1987 жылы туған анасы мен 2008, 2015, 2018 жылы туған балалары токсикологиялық бөлімшеге жатқызылған.

«Күндізгі сағат 11:00-де жұқпалы аурулар ауруханасында 2015 ж. т. бала қайтыс болды. Артынша сағат 14:00-де 2018 жылы туған бала көз жұмды. Қазіргі таңда олардың өлімнің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Аман қалған екі адамның жағдайлары қанағаттанарлық. ТЖ департаментінің 3 қызметкері оқиға орнына барған. Олар мұқият талдаудан кейін улы газбен улану фактілерін тіркемеді»,- делінген хабарламада.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT