Шымкентте білім басқармасының шенеунігі жемқорлық үшін сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы жемқорлық үшін айыпталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бұдан бұрын жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелген Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы Ж. Д. Базароваға қатысты тергеу аяқталды.

Ол орта мектептің білім жөніндегі меңгерушісіне мектеп директорының лауазымына тағайындалу үшін тест тапсыруға жәрдем бергені үшін оның 400 мың теңге қаражатын алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы иемденді деген күдікке ілінген.

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен Ж. Д. Базарова алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан айыру мен 3 млн теңге айыппұл салынды.
Соңғы жаңалықтар