+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Шымкентте бейбіт шерулер өткізу туралы заң жобасы талқыланды

2020 жылғы 27 ақпан 15:27
Бөлісіңіз:
Шымкентте  бейбіт шерулер өткізу туралы заң жобасы талқыланды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте бейбіт шерулер туралы заң жобасы талқыланды. Жиынға қатысқан қоғамдық ұйымдардың мүшелері мен партия өкілдері, белсенді азаматтар мен БАҚ өкілдері өз ой-пікірлерін ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттен елорда мен Алматыға қатынайтын автобустар тоқтатылды Шымкентте банктердің біріне қарақшылық шабуыл жасалды Шымкентте Өзбекстанның төрт азаматы иістен уланып көз жұмды

Басқосуда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтың қоғам істері комитетінің төрағасы Әлия Ғалымова қатысып, заң жобасы туралы айтты.

Оның сөзінше, бейбіт жиналыстардың барлық түрі, соның ішінде митингілер, шерулер, демонстрациялар, пикеттер өткізу туралы осы заң жобасында анық және ұғынықты жазылған.

«Бейбіт жинындар өткізу өтінімдерінің регламенттеу және хабарландыру тәртібі енгізіледі. Егер қандай да бір ұйымды немесе қоғамды толғандыратын мәселе бойынша бейбіт жиналысты ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға өтінім берген жағдайда, онда өткізу орнын, мақсатын және күнін айқындайды, қатысушылардың санын нақты белгілейді. Сондай-ақ, жиналыс өткізу үшін қажетті шарттарды анықтайды, – деді Әлия Ғалымова.

Жиында 21 баптан тұратын құжатта бейбіт жиынға қатысушы барлық тараптың құқықтары нақтыланғаны айтылды.

Қазір қалада митинг өткізетін 2 орын белгіленген. Заң жобасы бойынша, бейбіт шерулер 250 адамға рұқсат етілген. Бұл қауіпсіздік шараларына байланысты қабылданған шешім. Алдағы наурыз айында Парламент депуттарының қарауына жіберілетін заң жобасы туралы жергілікті қоғамдық ұйым өкілдері де өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT