Шымкентте бесінші аудан құрылады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясында депутаттар «Шымкентте бесінші аудан құру туралы» ұсынысты бір ауыздан қолдап дауыс берді, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

Халқының саны миллионнан асқан мегаполис осылайша 5 аймаққа бөлініп отыр. Жаңадан құрылатын ауданның аумағы 36 мың гектарды құраса, ондағы тұрғындар саны шамамен 200 мыңнан асады. Ал, әзірге жаңа ауданған қандай атау берілетіні белгісіз. Бұл мәселе қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес алдағы сессияда Республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылатын болады.

Бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының аумағында Қаратау, Еңбекші, Әл-Фараби, Абай аудандары әкімдіктері болған.

«Бесінші ауданды құру қаланы басқаруды жетілдіріп, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға септігін тигізеді» - дейді әкімдіктегілер.

Айта кетейік, Шымкент қаласының бас жоспарына Л РТ және БРТ құрылысы енгізіліп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты.






Соңғы жаңалықтар