Шымкентте бес елдің дәрігерлері бедеулік мәселесін талқылады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «Репродуктивті медицинаның қазіргі заманғы мәселелері» атты IV халықаралық конференция өтті. Бес елдің дәрігерлері бас қосқан жиында бедеулікті емдеудің жаңа әдістері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығы мен Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға Қазақстан, Ресей, Украина мен Өзбекстаннан келген 500-ден аса дәрігер қатысты. Конференцияда мамандар жасанды жолмен тегін ұрықтандыру және бедеулікті емдеудің тиімді жолдарын талқылады. Сондай-ақ, бала сүйгісі келіп жүрген отбасыларға квотаны көбейту мәселесін ортаға салды.

«Еліміздегі отбасылардың 15 пайызында бедеулік мәселесі кездеседі. Оны емдеудің жаңа әдісін енгізу арқылы пробемаларды шешуге мүмкіндік бар. Қазақстанда 16 мыңнан астам бала жасанды ұрықтандыру жолымен дүниеге келсе, Шымкентте жылына 500 бала туады. Конференцияда емдеудің жаңа әдістерімен қатар дәрігерлердің жаңа буынын оқыту мәселесі қозғалды», - деді Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.

Жасанды жолмен ұрықтандыру бойынша 25 жылдық тәжірибесі бар Салтанат Байқошқарова болса елімізде репродуктолог мамандардың аз екенін атап өтті.
null

«Бедеулікті зерттеп, емдейтін мамандар, әсіресе, өңірілерде тапшы. Бүгінде гинеколог мамандарды қайта оқытуға мәжбүрміз. Сондықтан мамандарды оқыту мен кәсіби жетілдіруге назар аударылу қажет», - деді Салтанат Байқошқарова.

null null

Соңғы жаңалықтар