Шымкентте бес баланың анасы дүниеге үшем әкелді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 33 жасында үшем босанған қала тұрғыны Гульмира Юсупова сегіз баланың анасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері үш сәби мен анасын бүгін перзентханадан сән-салтанатпен шығарып салды. Айсултан, Алия және София есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Үшем 24 сәуір күні 35 апталық кезінде жасанды тілік арқылы туған. Сәбилердің салмағы 2000-2470 грамм аралығында, бойлары 40-42 см құрайды. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулығы жақсарған.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10649 сәби дүние есігін ашқан. Оның 5165-і — қыз бала болса, 5484-і — ұл бала.


Соңғы жаңалықтар